Мейрамхананың аспаздық тұжырымдамасы – қазақ халқының кәделі ұлттық тағамдары, таңдаулы және ерекше дәмді. Ұлттық нақышта әрленген сәнді интерьер тартымдылығы және асқан әдемілігімен баурайды, қазақ халық аспаптары үнімен үйлескен жанды әуен көңіл-күйді көтереді.
Бейне қарауҚызмет көрсетуі жоғары деңгейде. Интерьері келісті. Ұлттық асханасына көңіл толады. Кешкі ас пен кездесуге қолайлы жер.
Сервис жақсы ұйымдастырылған, ұлттық асхананың тағамдары дәмді, интерьері ыңғайлы. Бізге Гүлмира деген сыпайы қыз қызмет көрсетті, ас мәзіріне таңдау жасауға көмектесті, жергілікті шараптың дәмін татып көруге кеңес берді. Өзімнің таныстарыма да осы жерді ұсынамын.
Ең жақсы ұлттық мейрамхана екендігі даусыз. Егер Қазақстанға бірінші рет келіп тұрсаңыз, осы жерді таңдаңыз. Тағамдары шынымен дәмді. Интерьері де көңіл-күйге әсер етеді. Ішіндегі жанды музыка адамды сергітеді.
Бұл мейрамхана адамға өзіндік әсер қалдырады. Ас мәзіріндегі ұлттық тағамдардың қатары мол. Тапсырыс берген асты жылдам әкелді, дәмі де тамаша, жас еттен әзірленген.